Қазақстан • 05 Қазан, 2018

Елбасының биылғы Жолдауы көптен күткен маңызды құжат - Е.Исимбаев

432 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Елбасының жыл сайынғы Жолдауы – бұл біз үшін көптен күткен әрі өте маңызды құжат.  Бүгін біз Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлының еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты мәселелері бойынша Жолдауын мұқият тыңдадық.  Елбасы қазіргі уақытта әлеуметтік экономиканың дамуының негізгі бағыттарын айқындап, сол бағытқа қол жеткізуге басты міндеттерді атап өтті. 

Елбасының биылғы Жолдауы көптен күткен маңызды құжат - Е.Исимбаев

Мен  өзім білім саласында  көп жылдар еңбек еткендіктен Президентіміздің өз Жолдауында  білім саласына көп көңіл бөлгенін  үлкен қуанышпен әрі толқумен қабылдадым.  Атап айтсақ, Елбасы өз сөзінде «Мектепке дейінгі білім беру сапасын түбегейлі жақсарту керек. Бұл салада біліктілік талаптарын, оқыту әдісін, тәрбиешілердің және балабақшадағы басқа да қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу жүйесін қайта қарау қажет. Білім және ғылым министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, биыл тиісті «Жол картасын» әзірлеуі керек», деді. Орта білім беру жүйесінде негізгі тәсілдер белгіленген, қазіргі кезеңде солардың орындалуына баса назар аударған жөн.

Сонымен қатар «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеп қабылдау қажеттігін айтты, бұл шынымен мұғалімдер мен мектепке дейінгі мекемелер қызметкерлері үшін барлық игілікті қарастырып, жүктемені азайтуға, жөнсіз тексерістер мен міндеттен тыс функциялардан арашалауға апаратын бірден бір жол деп білемін. Жолдауда жоғары білім беру ісіне де назар аударылған. Енді ондағы  маман дайындау сапасына қатысты талаптар күшейтіледі. Бұл оқу бітірген студенттердің жұмыспен қамтылуы, жалақысы жоғары жұмысқа орналасуына үлкен көмек беретініне сенемін.

Елбасы  өзінің кезекті жолдауында мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін түбегейлі арттыру мәселесін де айтып кетті. Биыл 4 мемлекеттік органға жалақы төлеудің жаңа моделін енгізіп, барлық пилоттық жобалар жақсы нәтижелер көрсетті. Тиімсіз шығындарды оңтайландыру және басшылық құрамын қысқарту есебінен төменгі және орта буындағы қызметкерлердің жалақысы 2 - 2,5 есе өсті. Осының нәтижесінде мемлекеттік қызметке қызығушылық артты, әсіресе өңірлік деңгейде оның өзектілігі жоғары. Кадрлардың жұмыстан кетуі 2 есе қысқарды. Беделді жоғары оқу орындарын бітірген түлектерді қоса алғанда, біліктілігі жоғары кадрлардың жеке сектордан келуі 3 есе артты.

Тағы бір қуантарлық жағдай Елбасы құқық қорғау органдарының жұмысына терең және сапалы өзгерістерді енгізуді жөн санады. Ол  Үкіметке Президент Әкімшілігімен бірлесіп, «Ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі жол картасын» қабылдауды тапсырды.

«Ішкі істер министрлігінің штаттық санын оңтайландырып, полицияны өзіне тиесілі емес функциялардан арылту қажет. Үнемделген қаражатты полицейлердің жалақысын көбейтуге, олардың тұрғын үй және өзге де әлеуметтік мәселелерін шешуге бағыттаған жөн. Сонымен  қатар полиция қызметкерінің жаңа стандартын бекіту, мансаптық ілгерілеу, полиция академиялары арқылы кадрларды даярлау мен іріктеу жүйесін өзгерту мәселелері де қозғалды. Жалпы азаматтар санасында полицейлер жазалаушы емес, керісінше, қиын жағдайда көмек көрсетуші деген түсінік орнығуы керек», дейді Елбасы.

Биылғы Жолдау  қазақ халқының рухын жігерлендіріп, бойымызға күш-қайрат дарытты деп ойлаймын. Қазақстанның бағындыратын биіктері әлі алда дегенге сенімім мол.

Еркін ИСИМБАЕВ,

Көкшетау қалалық мәслихатының хатшысы